Биыл жыл соңына дейін Freedom SuperApp қосымшасы крипто активтерді сатып алу және сату мүмкіндігін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Freedom Holding Corp. негізін қалаушы және мажоритарлық акционері Тимур Турлов YouTube-тегі Freedom Broker Kazakhstan арнасының хабарында айтты.
Фридлм Финанс криптовалюта биржаларымен ынтымақтасады ма деген сұраққа Турлов компанияның Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген Binance Қазақстан криптовалюта биржасымен келісім қазірдің өзінде бар деп жауап берді. Ынтымақтастық аясында дәстүрлі валюталарды крипто активтерге және керісінше айырбастауға мүмкіндік беретін қызмет фиат шлюзі жасалды деп жауап берді.
«Freedom Finance Global АХҚО-дан крипто транзакциялар бойынша қызмет көрсетуге лицензия алды, сондықтан біздің SuperApp-та жақын арада крипто-активтерді сатып алу немесе сату мүмкіндігі болады деп үміттенемін», — деді Турлов.
Айта кетейік, 2025 фискалды жылында (2024 жылдың сәуірі мен 2025 жылдың наурыз айының аяғына дейін) Freedom Holding Corp табысы бір жылмен салыстырғанда 23% артып, 2,1 млрд долларды құрады. Холдингтің таза пайдасы 84,5 млн долларды құрады. Активтер 8,3 млрд доллардан 9,9 млрд долларға дейін өсті (жылдық көрсеткішпен салыстырғанда +19%).