Кейінгі кезде БАҚ бетінен, әлеуметтік желілерден Freedom Bank кешбэктері туралы жаңалық байқаған шығарсыз. Бүгін банк ұсынатын кешбэк мүмкіндігі мен оны декларациялау керек пе, жоқ па деген сұраққа жауап іздемекпіз.
Неліктен «Freedom инвестициялық валютасы» бағалы қағаз саналады?
Freedom Bank клиенттерге төленген кешбэкті «Freedom инвестициялық валютасына» (ETN) автоматты түрде айырбастайды. Сол валюта бағалы қағаз болып саналады және барлық тиісті белгілерге ие. Ал ETN — «Астана» халықаралық қаржы орталығының AIX биржасында тіркелген және бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген биржалық ноталар.
«Freedom инвестициялық валютасын» декларациялау керек
«Freedom инвестициялық валютасы» – AIX биржасында сатылатын және АХҚО құқығы бойынша тіркелген ETN-ның биржалық нотасы. АХҚО құқығы бойынша бұл қаржы құралы бағалы қағаз болып саналады және кез келген басқа бағалы қағаздар сияқты оны да «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» 250.00 нысаны арқылы декларациялау керек. Сонымен 270.00 – «Кірістер мен мүлік туралы декларация» нысанын тапсыру қажет болады, бірақ бұл жағдайда түзетуден кейін құн өсіміне салынатын салықтан босату қарастырылған.
Декларация тапсыру қызметі Freedom SuperApp қосымшасында 15 қыркүйекке дейін қолжетімді болады. Тапсыру процесі толығымен автоматтандырылады: ETN бөлігінде жүйе кіріс мөлшерін дербес есептейді және пайдаланушыға құжаттарды жүктеудің немесе есептеулерді қолмен жүргізудің қажеті жоқ. Бірнеше рет басу арқылы декларация нысаны тапсырылады. Бұл жағдайда барлық актив бойынша есептің толық нысанын да, ішінара – тек ETN иелену бөлігінде де тапсыруға болады. Клиенттерде 250 және 270 формаларын беру мүмкіндігі болады.
Freedom инвестициялық валютасына салық салына ма?
ETN иелігінен алынған табыс салық салудан босатылады, өйткені қағаз AIX биржасының ресми тізімінде орналастырылған. Осылайша, қазақстандықтардан салық төлеу талап етілмейді — бұл үшін декларацияның тиісті нысанын тапсыру жеткілікті.
Неліктен Freedom Bank кешбэгі теңгедегі кәдімгі кешбэкке қарағанда тиімдірек?
Өйткені бұл Freedom Bank кешбэктерін барлық басқа банктің кешбэгінен ерекшелендіретін нарықтағы бірегей ұсыныс. Бейілділік бағдарламасы іске қосылған сәтте 1 ETN құны шамамен 3 теңгені, ал бүгінгі күні 7,4 теңгені (2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша) құрады. Бұл ETN-ді «жинайтын» клиенттерге кешбэк кірістерін іс жүзінде екі есеге арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, өнім күнделікті шығындарды тиімдірек етіп қана қоймайды, сонымен қатар клиенттерге қаржылық сауатты арттыруға және қосымша табыс әлеуетін пайдалануға көмектесетін инвестициялық құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Клиенттер кешбэктен бас тарта ала ма?
Freedom SuperApp мобильді қосымшасында Freedom (ЕТN) инвестициялық валютасын жабу функционалы бар. Ол үшін Банк қосымшасының негізгі экрандағы жоғарғы оң жақ бұрышында «Freedom валютасы» батырмасын басып, «Валютаны жабу» тармағын таңдау қажет.
Freedom Bank бейілділік бағдарламасы қалай жұмыс істейді?
Freedom Bank бейілділік бағдарламасының бөлігі ретінде клиенттер өздерінің бейілділік деңгейіне және сатып алынған компанияға байланысты жоғары кешбэк ала алады. Бейілділік бағдарламасының төрт негізгі деңгейі бар: Standard, Silver, Gold және Platinum, соған байланысты 1%-4% арасында кешбэк алып отырады.
Freedom клиенттеріне кешбэк қалай есептеледі?
Бейілділік бағдарламасының ережесіне сәйкес, банктің қолданбасында белгілі бір әрекеттер (картамен төлеу, қосымшадағы іс-әрекеттер және т.б.) жасалғаннан кейін клиентке табыс (кешбэк) есептеледі. Есептелген ақшаны қосу үшін клиент Freedom SuperApp-тағы тиісті батырманы басу арқылы «Freedom инвестициялық валютасын» іске қосуы керек. Егер ол қосылмаса, онда валютадағы кешбэк есептеле береді, бірақ қолжетімді болмайды.
Бастапқыда Freedom Bank клиенттеріне кешбэктер теңгемен есептеледі. Бұдан әрі «Freedom инвестициялық валютасын» іске қосқан клиенттерден тиісті сомаға AIX биржасында тіркелген ETN – биржалық ноталар автоматты түрде сатып алынады. Яғни конвертация жасалады. Бұл қаржы құралы Freedom Holding Corp. (FRHC) акцияларының құнына байланыстырылған және ХҚЕС құқығы бойынша бағалы қағаз саналады. Сатып алынған ETN Freedom SuperApp-тың қосымшасында «Freedom инвестициялық валютасы» (ETN-мен бірдей) ретінде көрсетіледі.
Freedom инвестициялық валютасындағы кешбэктің басты ерекшелігі — оны қарапайым ақша ретінде пайдалануға болады. Клиенттерге кейіннен қолма-қол ақша ретінде, картаға кешбэк алуға, онлайн және POS-терминалдар арқылы ақша төлеуге, сондай-ақ Freedom SuperApp сервистеріндегі банк клиенттері арасындағы аударымдармен картаға кешбэк ретінде қолжетімді. Сонымен қатар кешбэкті Freedom экожүйесінің қызметтерінде жұмсауға немесе Freedom Holding Corp. (FRHC) акциясы құнының өсуінен ақша тауып, шотта қалдыруға болады. Валюта іске қосылғаннан бері Freedom валютасы тіркелген FRHC акцияларының бағасы 75 доллардан көтеріліп, шегі 185 долларға жетті, ал 25.06.2025 жылғы жағдай бойынша 145 долларды құрап отыр.
Қорытынды
Көріп отырғанымыздай бұл клиенттер үшін барынша тиімді бағдарлама. Клиенттер тек сауда жасағаны үшін емес, достарын шақырғаны үшін, олардың белсенділігі үшін де кешбэк алады. Бұл қазақстандық нарықтағы бірегей бағдарлама, көпшілік үшін тың нәрсе болып отыр. Дегенмен халықтың сауатын арттыруға айтарлықтай үлес қосып үлгерді. Өйткені бұрын-соңды кешбэк, акция ұғымымен таныс емес адамдарға инвестиция әлеміне қадам басуға септігін тигізді.
Freedom экожүйесі – халықтың сауатын арттырып, табысын арттыруға жол ашты. Деңгейді жоғарылатып, кешбэкті арттыру үшін Freedom Bank клиенттерінің шотындағы ай сайын қалатын орташа соманы арттыру қажет.
Бейілділік деңгейі неғұрлым жоғары болса, кешбэк соғұрлым көп болады. Ол үшін баланста міндетті түрде ақша сақтау керек. Мысалы, Gold деңгейіне жету үшін барлық шот бойынша орташа айлық қалдық 300 001 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейін болуы тиіс. Негізгі кешбэкке қосымша Apple Pay, Google Play немесе Samsung Pay арқылы контактісіз төлеген кезде 2% (бейілділік деңгейі) қайтарылады. Сонымен қатар тағы +1% банкке айына 50 000 теңгеден бастап Freedom Bank карталары бойынша транзакциялар жасау арқылы алуға болады. Freedom экожүйесінен басқа жерде сауда жасасаңыз жалпы максималды кешбэк 7%.
Бұдан басқа Freedom Bank POS-терминалдары арқылы төлесеңіз клиентке 3% қосымша кешбэк береді, жалпы кешбэк 10% құрайды. Егер Freedom экожүйесінде, атап айтқанда: Insurance, Freedom Ticketon, Freedom Life, Freedom Travel, Freedom Drive, Freedom Mobile, Naimi.kz, Arbuz.kz және Choco-да сауда жасалса кешбэк мөлшері ұлғаяды. Серіктестік кешбэк мөлшері 30%-ға дейін жетеді, осылайша банк клиенттері Freedom экожүйесінде қызметтерді сатып алу арқылы 37%-ға дейін кешбэк ала алады.
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ – жеке және заңды тұлғаларға арналған цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын еліміздегі инновациялық банктердің бірі. Банк ипотекалық несие, автонесие және бизнеске арналған несиелерді рәсімдеу үдерісін толығымен цифрландырды. Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан 17 филиалдан тұратын кең филиалдық желісі арқылы банк клиенттеріне кең ауқымды қызмет көрсетеді. Банк өз қызметін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) берген екі негізгі лицензия негізінде жүзеге асырады.