Freedom Holding Corp. еншілес кәсіпорны – Freedom Financial Services Inc. Түркияда брокер компания құрады. Ол Freedom Investment Securities Inc деп аталады. Компания қазірдің өзінде жергілікті реттеуші органнан рұқсат алды.
Бұған дейін Freedom Holding Corp. 2025 жылы Түркия мен БАӘ брокерлік нарығына кіруді жоспарлап отырғанын холдингтің басшысы Тимур Турлов айтқан.
«Басқа елдерде бізде Қазақстандағыдай кең экожүйе болады деп болжау әлі қиын. Басқа нарықтарда біз модельді компания иелігінен гөрі серіктестікке көбірек саламыз», — деген еді Тимур Турлов.