Freedom Holding Corp акцияларының бір бөлігін Қазақстан және шетел биржаларында (АҚШ-тан басқа) орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы холдинг басшысы Тимур Турлов Астанада өткен Freedom Inside ’26 конференциясында мәлімдеді.
«Қазір біз акцияларымызды ішінара орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Бұл қадам Freedom-ға да, инвесторларға да тиімді болады. Бірақ соңғы шешім қабылдамас бұрын, әлеуетті инвесторлардың пікірін білгіміз келеді. 10 сәуірден бастап міндетті емес өтінімдерді (акция сатып алуға) қабылдай бастаймыз», — деді Турлов.
Акция сатып алуға өтінімдерді Freedom Finance Global PLC арқылы және холдингтің қосымшасында беруге болады.
Турловтың айтуынша, холдинг акциялары қазір Nasdaq биржасында саудаланатындықтан, компания қатаң реттеуші талаптарды сақтайды. Сол себепті орналастыру АҚШ-тан тыс жерде өтеді, бұл акцияларды АҚШ резиденттері сатып ала алмайды.
«Біз оны Қазақстанда және басқа да бірқатар юрисдикцияларда жүзеге асырамыз», — деді ол.
Тартылатын инвестициялар компанияның өсуіне бағытталады.
«Бизнесіміздің өсуі бізден көбірек капитал талап етеді. Әрбір жаңа банк сатып алу немесе лицензия алу жүздеген миллион долларды қажет етеді», — деді Турлов.
Айиа кетейік, конфкренция барысында Тимур Турлов холдингтің экспансиясы туралы айтқан.