Freedom Holding Corp. (NASDAQ: FRHC) компаниясы 2025 жылғы жыл сайынғы қайта теңгерімдеу шеңберінде өз акцияларының Russell 3000 индексінің есебіне енгізілгені туралы хабарлайды. Акциялардың индекске енгізілуі 2025 жылғы 27 маусымда Америка нарығы жабылғаннан кейін күшіне енеді.
Russell 3000 индексі АҚШ-тың инвестицияланған акциялар нарығының шамамен 98%-ын құрайтын 3 019 ең ірі америкалық компанияның серпінін бақылайды. Акциялардың бұл индекске қосылуы компанияның қаржылық жағдайын, тұрақтылығын және өсуін көрсететін маңызды жетістік болып табылады, инвесторлардың арасында олардың танымалдылығын арттырып, жаһандық инвестициялық қорлардың индексті бағыт-бағдар ретінде кеңінен қолдануы арқылы сауда белсенділігінің артуына әкелуі мүмкін. Бұл қорлардың ішіндегі ең танымал қорлар - iShares Russell 3000 ETF (IWV) және Vanguard Russell 3000 ETF (VTHR) қорлары бар, олардың басқаруында 18 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат бар.
Акциялардың Russell 3000 индексіне қосылуы Russell 1000 (ірі капиталдандыру) немесе Russell 2000 (шағын капиталдандыру) индекстерінің бірінде, сондай-ақ тиісті өсу және құн индекстерінде барын білдіреді. Әзірге компанияның қай топқа жататындығы туралы ресми растау жоқ. Мұндай растау кейінірек, яғни жылына бірнеше рет орналастырылған индекстің тұрақты жаңартуларынан кейін пайда болады. Инвесторлар 30 мамырда, 6 маусымда, 13 маусымда және 20 маусымда жарияланатын жаңартуларды бақылай алады.
«Компанияның беделді Russell 3000 индексіне қосылуы біздің орнықты өскенімізді және әлемдік қаржы нарықтарындағы орнымыздың нығайғанын растайтын маңызды кезең болды. Мұндай мүмкіндік біздің бүкіл командамыздың қажырлы еңбегі мен белсенділігін, сондай-ақ акционерлер үшін құндылық жасауға деген адалдықты көрсетеді. Біз бұл жағдай компанияның институционалдық инвесторлардың арасында танымалдылығын арттырып, акционерлік базамызды кеңейтіп, компанияның қаржы индустриясында негізгі ойыншы ретіндегі орнын нығайтады деген сенімдеміз», — деді Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
2025 жылғы 23 мамырдағы қайта қарау қорытындысы бойынша Russell 3000 индексіне енгізілген компаниялардың жаңа тізімі FTSE Russell индексінің ресми сайтында жарияланған.