Freedom Holding Corp. еуропалық экспансия аясында Францияда банк лицензиясын алуға өтінім тапсырды. Холдинг алдағы бес жыл ішінде цифрлық банк құруға және жергілікті инфрақұрылымды дамытуға 500 млн еуро инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Financial Times хабарлады.
«Біз Францияның банк реттеушісіне лицензия алу үшін құжаттар тапсырдық және алдағы бес жылда цифрлық банкті дамытуға әрі цифрлық инфрақұрылым салуға 500 млн еуро инвестициялауға дайын екенімізді жарияладық», — деді Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов.
Сонымен қатар, Турлов Facebook парақшасында Freedom компаниясы банк ретінде тіркелу үшін құжаттарды ACPR ұйымына тапсырғанын хабарлады.
Оның айтуынша, ACPR — Францияның ACPR пруденциялық реттеушісі, ол Еуропалық орталық банкпен бірлесіп жұмыс істейді.
«Франциядағы банк лицензиясы бір мезетте бүкіл Еуроодақ нарығына шығуға мүмкіндік беретін еуропалық паспорт болып саналады. Бізге дәл осы мүмкіндік қажет», — деп атап өтті Турлов.