Freedom Holding Corp АҚШ-тан тыс жерлерде жалпы көлемі 300 млн АҚШ долларына дейінгі қарапайым акцияларын орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы холдинг Қазақстан қор биржасы хабарлады.
«Инвесторлардың өтінімдер кітабын қалыптастыру 2026 жылғы 15 маусымнан басталатын аптада басталады. Бір жай акцияны орналастыру бағасы 126,35 АҚШ долларын құрайды. Акциялар АҚШ-тан тыс жерде 1933 жылғы Бағалы қағаздар туралы заңның S ережесі негізінде орналастырылады. Орналастырудың толық көлемде жүзеге асатынына кепілдік жоқ», – делінген хабарламада.
Холдингтің қайталама жария акция орналастыруын (SPO) өткізуді жоспарлап отырғаны 2026 жылғы сәуірде белгілі болған еді.