Freedom Bank тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі (ТҚЖЖ) бойынша ипотеканы 5% және 10% мөлшерлемеден бастап іске қосады. Жаңа өнім туралы банк директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов Freedom Inside ‘26 конференциясында мәлімдеді.

Еске салсақ, 19 наурыздан бастап Қазақстан банктеріне ТҚЖЖ жүйесі арқылы ипотека беруге рұқсат берілді. Қазір бұл бағдарлама бойынша тек Отбасы банк жұмыс істеп жатыр, ал Freedom Bank — осындай өнімді іске қосқан алғашқы коммерциялық банк болады.

5%-дық ипотека шарттары:

  • 5% ипотека
  • Тұрғын үй депозиті бойынша сыйақы: 2%-дан бастап
  • Аралық қарыз кезінде: 7%-дан бастап

Ал 10%-дық депозитке алғашқы жарна 30%, депозит сыйақысы 7% болмақ.

Екі бағдарлама бойынша да бастапқы жарна мен депозитті зейнетақы қаражаты есебінен салуға болады.