Еуропалық Одақ кеңесі Ресейге қарсы жаңа 19-санкциялар пакетінде көзделген шараларды тізіп көрсеткен баспасөз хабарламасын жариялады. Онда ВТБ Қазақстан бар. Қалған қазақстандық банктер санкциялық тізімге енгізілген жоқ.

ВТБ Қазақстан бұған дейін АҚШ (OFAC) санкцияларына тап болған еді. Санкциялар банкке қатысты кейбір қаржылық қызметтер көрсетуге тыйым салады, сондай-ақ активтер мен операцияларға шектеу қояды.

Банк Қазақстанда жұмысын жалғастырып отыр, бірақ доллар мен еуроға қолжетімділіктен айырылу сияқты шектеулермен және серіктестер үшін қосымша санкциялық тәуекелдермен бетпе-бет келіп жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін Еуропалық одақ 19-бастамалық санкциялар пакетін бекіткенін хабарлаған едік. Тікелей шектеулер Беларусь пен Орталық Азиядағы, соның ішінде Қазақстандағы банктерге қатысты енгізілген болатын.