6–30 сәуір аралығында Әділет министрлігі маңызды төлемдер түсетін шоттарды бұғаттан шығаруға арналған акция өткізуде. Бұл жалақы, алимент, зейнетақы немесе жәрдемақы түсетін карталарға қатысты. Егер шотты сот орындаушысы бұғаттаған болса, енді оған қайта қол жеткізудің заңды жолы бар.
Шотты бұғаттан шығару үшін мекемеге бару қажет емес. Өтінішті Adilet.gov мобильді қосымшасы арқылы жеке сот орындаушысына (ЖСО) жіберуге болады. Негізгі шарт — шоттың мақсатын құжатпен дәлелдеу. Ол үшін жұмыс орнынан анықтама немесе Мемлекеттік әлеуметтік төлемдер орталығынан (МӘТО) осы шотқа әлеуметтік төлемдер не жалақы түсетінін растайтын құжат қажет.
Айта кетейік, бұғаттан шығарылғанымен, қарыз қала береді. Бұл акция тек өндіріп алу кезеңінде азаматтардың табысын пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық құжаттарды сәуір айының соңына дейін тапсыру қажет.