Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, сондай-ақ қолма-қолсыз төлемдер мен ақша аударымдары қағидаларына өзгерістер енгізді. Тиісті қаулы 2025 жылғы 31 желтоқсанда қабылданып, Әділет министрлігінде №37777 болып тіркелді.

Негізгі өзгерістер

1. Жеке тұлғалардың банк шоты

Енді жеке тұлға банк шотын ашқанда, шот арқылы:

  • кәсіпкерлік қызмет,
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі,
  • нотариус, адвокат, медиатор қызметі,
  • атқарушылық құжаттарды орындауға қатысты операциялар жүргізілмейтінін көрсетуі тиіс.

Бұл талап банкпен жасалған шартта өзгеше көзделмесе қолданылады.

2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа талап

Арнайы салық режимі аясында қызмет жүргізу үшін ағымдағы шот ашатын азаматтар (оның ішінде қандастар):

  • жеке куәлігін;
  • Салық кодексінің 77-тарауына сәйкес арнайы салық режимін қолдану туралы өтініш ұсынады.

3. Мемлекеттік мекемелерге қатысты өзгеріс

Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін шот ашу кезінде Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №328 бұйрығына сәйкес рұқсат талап етіледі.

4. Ғылыми жобаларды грантпен қаржыландыру

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша:

  • эскроу-шоттан төлемдер
  • грант алушы мен контрагент арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Қашан күшіне енеді?

Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.