2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 21735,5 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 3,4% азайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте тауарлар экспорты 7307,1 млн доллар (9,8% аз), импорт – 14428,4 млн доллар (0,2% көп) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 88,6%, бұдан әрі Қырғыз Республикасына – 7,3%, Беларусь Республикасына – 3,9%, Армения Республикасына – 0,2% келеді.
Қазақстан Республикасының экспорты бойынша тауарлардың негізгі үлес салмағы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте мынадай тауарларға тиесілі: шикі мұнай және битуминозды жыныстардан алынған шикі мұнай өнімдері (51,7%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (4,9%), радиоактивті химиялық элементтер және радиоактивті изотоптар (4,8%), кендер және мыс концентраттары (3,8%), ферроқорытпалар (2,8%).
Қазақстан Республикасының импорты бойынша ең көп үлес салмағы мынадай тауарларға тиесілі: жеңіл автокөліктер (4,3%), дәрілік заттар (3,2%), моторлы көлік құралдарына арналған шанақ (2,3%), телефон аппараттары (2,2%), моторлы көлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтары (2,1%).
Қазақстан Республикасының экспорттағы негізгі әріптес елдері: Италия (21%), Қытай (18,8%), Ресей (10,3%), Нидерланды (7,6%), Түркия (4,8%), Өзбекстан (4,4%).
Қазақстан Республикасының импорттағы негізгі әріптес елдері: Қытай (29,5%), Ресей (29,1%), Германия (4,5%), АҚШ (3,6%), Корея Республикасы (3,6%), Франция (2,5%).