Freedom Broker талдаушылары Қазақстандағы кезекті салық төлемдері кезеңінде АҚШ долларының бағамы ақпан айының басында 500 теңгеден төмен түсуі мүмкін екенін болжады.
«Доллар желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында өскенімен, қазір кері арзандап жатыр. Бұл біздің USD/KZT жұбының бір қымбаттап, бір арзандайды деген болжамымызға сәйкес келеді. Осы сценарий аясында доллар 502,6 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін. Ал ақпанның басында салық кезеңіне байланысты USD/KZT жұбының бағамы 500 теңгеден төмен түсуі де ықтимал», – делінген брокерлік компанияның кезекті күнделікті шолуында.