Даму қоры Бәйтерекке 9,7 млрд теңге дивиденд төледі

Даму қоры Бәйтерекке 9,7 млрд теңге дивиденд төледі

Қазақстан қор биржасы мәліметінше, «Даму» қоры 2025 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төледі.

2026 жылғы 29 мамырда қордың жалғыз акционері – Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі есепшотына 9,7 млрд теңге аударылған.

Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемі 349 теңге 74 тиын.

Дивиденд төлеу туралы шешім 20 мамырда қабылданған болатын. Қордың 2025 жылғы таза пайдасы 18,8 млрд теңгеге жетті.

Алайда дивидендтер көлемі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай қысқарды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге 18,8 млрд теңге төленген болса, биыл бұл көрсеткіш 9,7 млрд теңгені құрады. Яғни төлем көлемі шамамен 1,9 есе азайған.

Соған қарамастан, «Даму» қоры 2025 жылы тапқан таза пайданың едәуір бөлігін акционеріне дивиденд ретінде бағыттады.