Қазақстанның Автокөлік Одағы дерегінше, 2026 жылғы наурызда Қазақстан аумағында ресми дилерлер 17 099 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты, бұл өткен жылдың наурызымен салыстырғанда 12,9% төмен. Үш айдың қорытындысы бойынша 44 757 автокөлік сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5% азайды.
Наурыз айында ең көп сатылған брендтер Топ-10 рейтингінде бірінші орынды Hyundai сақтап қалды — 3 192 дана; былтырғы наурызбен салыстырғанда 28,3% азайған.
Екінші орында Kia — 2 317 (+9,3%).
Үшінші орынды Chevrolet (2 142; -21,8%).
Көктемнің алғашқы айында саудасы қызған бренд – Changan. Дилерлер 1 766 (+151,2%) автомобильдің кілтін тапсырған.
Одан бөлек тізімге Chery (1 270; -5,9%), Haval (1 227; -4,6%), Jetour (850; -37,6%), Toyota (581; -32,6%), Jac (451; -57,9%) және Geely (428; -58,1%) енді.
Наурыз қорытындысы бойынша ең танымал модельдер арасында Chevrolet Cobalt (1 965).
Екінші орында Hyundai Tucson (1 516), үшінші орында Kia Sportage (841) кроссоверіне бұйырды. Естеріңізге сала кетейік, ақпанда Sportage екінші орынға шыққан.
Changan CS55 Plus осымен екі ай қатарынан төртінші орыннан көрініп отыр (798). Haval Jolion (683) мен Chery Tiggo 7 (565) одан кейін тұр. Жетінші орынға Hyundai Elantra (561) тұрақтаса, ізін ала Changan CS35 Max (513) келеді. Тізімді Hyundai Mufasa (440) мен Kia Soluto (416) түйіндеді. Барлық модель Қазақстан аумағында жасалады.
Бірінші тоқсандағы нәтиже бойынша әдеттегідей Hyundai (8 658; -25,8%) ешкімге дес берер емес. Екінші орында тұрған Kia (7 493; +52,8%) оған жақындап қалды, үздік үштікке тағы Chevrolet (6 629; +10,3%) кірді.
Сондай-ақ тізімде Chery – 3 320 (+7,2%), Changan – 3 231 (+98,2%), Haval – 2 308 (-10,5%), Jetour – 2 258 (-27,2%), Jac – 1 491 (-38,4%), Toyota – 1 266 (-41,2%) және Geely – 1 181 (-51,6%) бар.
