2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қайталама нарықтағы пәтер бағасы орта есеппен 8,7% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Статистика деректеріне сәйкес, еліміздің 7 өңірінде өсім республикалық деңгейден (8,7%) жоғары болды: Ақтөбе +16,0% (ел бойынша ең жоғары көрсеткіш), Павлодар +14,8%, Алматы +13,7%, Түркістан облысы +12,8%, Жетісу облысы +11,9%, Атырау облысы +10,7%, СҚО және Ақмола облысы +9%.
Ең аз өсім тіркелген өңірлер: Қарағанды +0,1%, ШҚО +0,4%, Қызылорда +1,8%, Маңғыстау +2,7%, БҚО +3,4%.
Айта кетсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы орта есеппен 10% өсті.
