Бүгін банктер арасында бірыңғай QR іске қосылады. Бұл туралы Алматыда өткен Central Asia Fintech Summit шарасында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов хабарлады.
Бірыңғай QR-код жобада қатысушы банктің қосымшасы арқылы төлем жасауға немесе төлем қабылдауға мүмкіндік береді.
Бірыңғай QR жүйесіне қатысатын банктер: Halyk Bank, Kaspi Bank, Нұрбанк, Freedom Bank, Bereke Bank, RBK, Home Credit, БЦК, Altyn Bank, Forte Bank.
Айта кетсек, қыркүйектің аяғында Ұлттық Банк банктердің мобильді қосымшалары арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу үшін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ базасында банкаралық QR-төлемдер сервисі іске қосылғанын хабарлаған еді. Ол кезден бастап QR-төлемдер сервисі ЦентрКредит Банкі, Home Credit Bank және Freedom Bank клиенттеріне қолжетімді болған. Алайда бірқатар банк бұл жүйеге қосылмайтынын айтып, қарсы болған еді.