Борышкерлердің банк шоттарын толық бұғаттау тоқтайды. Бұрын қарыз аз болса да, шоттағы барлық ақша бұғатталатын. Енді бұл ережені өзгерту көзделіп отыр. Бұл туралы әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді.
«Борышкерлердің шоттарын толық бұғаттаудан бас тартуды жоспарлап отырмыз. Шектеу тек қарыз сомасына ғана қойылады», – деді ол.
Яғни борышкер шоттағы қалған қаражатты еркін пайдалана алады.
Әділет министрлігінің мәліметінше, бұрынғы жүйеге қатысты шағымдар көп болған. Қазір жаңа тетік банктермен бірге пысықталып жатыр.