2025 жылдың үшінші тоқсанында BlackRock әлемдегі ең ірі активтерді басқарушы Freedom Holding Corp-тегі үлесін одан әрі арттырды. BlackRock Freedom Holding Corp компаниясының қосымша 25 мыңға жуық акциясын сатып алып, ең ірі институционалдық акционер мәртебесін сақтап қалды.
Одан бөлек, тағы бір ірі халықаралық инвестициялық банк — Morgan Stanley — өз үлесін көбейтті. Банк 73 мыңнан астам акция сатып алып, FRHC-тегі портфелін 26,9 млн долларға жеткізді және холдингтің үшінші ірі институционалдық акционері болды.
Сондай-ақ JPMorgan Chase & Co компаниясы FRHC-тегі үлесін үш есе арттырды.
Сонымен қатар BlackRock қазақстандық тағы бір финтех компания — Kaspi.kz-тегі үлесін айтарлықтай қысқартты. Қысқарту көлемі 41,6% болды, нәтижесінде портфель 64 млн долларға дейін азайды. Екінші тоқсанда да BlackRock Kaspi.kz-тегі үлесін азайтқан болатын.