«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қазақстан Ұлттық банкінің қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша алғашқы жеңіл несиені жылына 12,6%-бен Halyk Bank арқылы берді.

Жаңа қаржылық құрал бизнес үшін ыңғайлы. Артықшылықтары: Онлайн рәсімдеу; Өтінім жылдам қаралып, қаражат тез түседі; Мемлекеттік бағдарламалардың шарттары жариялы түрде орындалады; Салық тексерісі болмайды. Бұл – әкімшілік және қаржылық кідірістер туғызбайды; ҚҚС қайтару мерзімі 55-75-тен 15 жұмыс күніне дейін қысқарады.

«Біз мемлекеттік қолдау бағдарламаларының жариялылығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгені пайдаланудың әлеуеті зор екенін көріп отырмыз. Оның негізгі артықшылықтарының бірі – бөлінген қаржының орнымен пайдалануын бақылау айтарлықтай жеңілдеп, жақсаруына мүмкіндік беретін цифрлық құралдардың таңбалануы. Бұл келісім озық қаржылық технологияларды енгізудегі маңызды қадам саналады. Серіктестік аясында кәсіпкерлер несиені цифрлық теңгемен алады. Соның арқасында процесс тезірек, ашық және тиімді болмақ. Біз бизнеспен жұмыс істеуде цифрлық теңгенің мүмкіндіктерін кеңейте отырып, осы бағытты одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз»,  деп атап өтті «Даму» Қоры Басқарма төрағасының орынбасары Арсен Мұстафин.

Несие «Даму» Қоры мен Halyk Bank арасында «Өрлеу» бағдарламасы аясында, цифрлық теңгемен берілді. Цифрлық теңге – Қазақстанның ұлттық валютасының тек қана Ұлттық банк шығаратын электрондық нұсқасы.

«Даму» Қоры мен Halyk Bank командалары жүзеге асырған цифрлық теңгені пайдалану сценарийі мұндай ақшаның кәсіпкерлер үшін ыңғайлы етіп, операциялық тәуекелдерді барынша азайтып және қолдау бағдарламаларының толық жариялылығын қамтамасыз етіп мемлекеттік қаржы архитектурасын қалай өзгерте алатынының көрсеткіші болып отыр. Мұндай шешімдер мемлекет, банктер және бизнес арасындағы сенімнің жаңа стандартын жасайды. Біз мұндай механизмдер жылдам масштабталады деп үміттенеміз. Естеріңізге сала кетейін, Президенттің тапсырмасы бойынша цифрлық теңге мемлекеттік шығындар мен субсидиялардың барлық түрлеріне кезең-кезеңімен енгізіліп, елдің неғұрлым тиімді, технологиялық және орнықты қаржы жүйесінің негізін қалыптастыруы тиіс», – деді цифрлық трансформация басшысы, ҚР Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов.

«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер Қордың серіктесі – екінші деңгейлі банктерге жүгінуі қажет. Қазір Halyk bank, ЦентрКредит Банк, Forte Bank, Bereke bank, Еуразиялық банк, Freedom Bank, Nurbank, RBK Bank, KZI bank өтінім қабылдайды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар Қордың кепілдігін де пайдалана алады.

Бағдарламаның шарттары, сондай-ақ өңірлік филиалдардың мекенжай, деректері жайлы ақпаратты 1408 нөмірлі call-орталықтан немесе www.damu.kz сайты арқылы алуға да болады.