Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан банк секторының 2025 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі туралы есебін жариялады.

Құжаттан белгілі болғандай, екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген несиесі 2025 жылғы қазанда 1,2%, 39,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 15,9% өсім). Бұл ретте, ұлттық валютада берілген несие 0,7%, 35,5 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 5,9%, 3,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Теңгемен берілген несиенің үлес салмағы 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 90,8%-ды құрады (01.01.2025ж. – 91,2%).

Бизнес субъектілеріне берілген несие 2025 жылғы қазанда негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 1,9%, 5,7 трлн теңгеге өсуі есебінен 14,9 трлн теңгеге дейін 1,4% ұлғайды (2025 жылдың басынан 13,7% өсім). Оның ішінде, ірі бизнеске берілген қарыз 2,7%, 5,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ШОБ субъектілеріне қарыздар 0,1%, 6,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жеке кәсіпкерлерге берілген несие бір айда 1,7%, 3,0 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан 31,4% өсім).

Салалар бөлінісінде биылғы 10 айда несиенің өсуі барлық салада байқалды: өнеркәсіпте – 5,0 трлн теңгеге дейін 13,6%, саудада – 4,1 трлн теңгеге дейін 15,9%, ауыл шаруашылығында – 514 млрд теңгеге дейін 6,8%, құрылыста – 790 млрд теңгеге дейін 16,4%, ақпарат және байланыс салаларында – 211 млрд теңгеге дейін 37,6%, көлікте – 932 млрд теңгеге дейін 4,2% өсім байқалады.

2025 жылғы қазанда  бизнес субъектілеріне 2,0 трлн теңге сомаға жаңа қарыз берілді. Бұл ретте, 2025 жылғы 10 айда бұл көрсеткіш 15,9 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,7% көп.

Бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген несие бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы қазанның қорытындысы бойынша 22,0%-ды құрап, 0,4 п.т. ұлғайды. Ірі бизнестің теңгемен несие бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,9%-ды, ШОБ субъектілеріне – 19,4%-ды, ЖК – 31,0%-ды құрады.

Несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде сақталып отыр. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (NPL90+) деңгейі өткен ай деңгейінде сақталып, несие портфелінің 3,5%-ын немесе 1,5 трлн теңгені құрады.

Бизнеске берілген несие NPL90+ қарыздардың үлесі 2,3%-ды немесе 390 млрд теңгені құрады (01.01.2025ж. – 2,1% немесе 304 млрд теңге). 

Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып отыр және 62,6%-ды құрайды (01.01.2025ж. – 67,0%).