Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген несие портфелі 2026 жылғы сәуірде халыққа несиенің өсуі есебінен 0,8% ұлғайып (2026 жылдың басынан бері 1,1% өсім), 40,6 трлн теңгені құрады.
Ұлттық валютадағы несие 0,7%, 36,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы несие 1,5%, 3,7 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 мамырда теңгемен несие үлесі 90,8%-ды құрап, 0,1 п.т. төмендеді.
2026 жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктер барлығы 3,4 трлн теңгеге жаңа несие берді, бұл 2025 жылғы сәуірмен салыстырғанда 0,6% артық.
Бизнес субъектілеріне несие портфелі 2026 жылғы сәуірде негізінен ЖК қарыздарының 1,7%, 3,2 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен (2026 жылдың басынан бері 4,1% өсім) 0,5%, 15,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 0,6% төмендеген). 2026 жылғы сәуірде ШОБ қарыздары 0,2%, 7,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 8,8% өсім). Өз кезегінде ірі бизнеске қарыздар портфелі 2026 жылғы сәуірде 0,1%, 4,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 14,8% төмендеген).
Салалар бойынша 2026 жылғы сәуірде түрлі бағыттағы серпін байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 0,7%, 5 021 млрд теңгеге дейін, көлік саласында – 0,3%, 1 054 млрд теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында – 4,7%, 499 млрд теңгеге, құрылыста – 2,2%, 829 млрд теңгеге, ақпарат пен байланыста – 2,6%, 213 млрд теңгеге дейін. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі несие 3,8%, 3 128 млрд теңгеге дейін, саудада – 0,2%, 4 124 млрд теңгеге дейін, өзге де қызметтерде – 0,8%, 2 735 млрд теңгеге дейін төмендеді.
2026 жылғы сәуірде бизнес субъектілеріне 1,9 трлн теңге сомаға жаңа қарыз берілді, бұл ШОБ субъектілеріне жаңа қарыз беруді 39,5% ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы сәуірмен салыстырғанда 6,4% артық.