2026 жылы зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін қосымша көтеру жоспарланбайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді.

Оның айтуынша, ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес, келесі жылға арналған зейнетақы шені көрсеткіштері БЖЗҚ ресми сайтында жыл басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын, яғни желтоқсанда жариялануы тиіс.

«Биыл көрсеткіш 1 қаңтардан бастап өсірілді. Ал келесі кезеңге әсер ететін жаңа есептеулер жыл соңында белгілі болады», — деп нақтылады Шегай.

Қазіргі уақытта министрлік шекті соманы есептеу әдістемесін өзгерту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл халықтың қаражатты «агрессивті» түрде алуымен байланысты: соңғы 5 жылда қазақстандықтар тұрғын үй мен емделуге 5 трлн теңгеден астам қаржы шешіп алған.

Еңбек министрлігінің пікірінше, бұл болашақ зейнетақы деңгейіне, әсіресе жастар үшін қауіп төндіруі мүмкін.

Әзірге жаңа әдістеме бойынша шешім қабылданған жоқ — мәселе талқыланып жатыр.