Автор: Салтанат Игенбекова – Halyk Finance Талдау орталығы
Сәуір айының соңында Ұлттық қор қаражатын пайдалану туралы жарияланған есепте алынып жатқан ақшаның көбейіп, кірістің азайғанын көрсетеді. Бұл ретте мұнай өндіру көлемінің ұлғаюына қарамастан мұнай бағасының төмендеуіне байланысты мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін тікелей салық түсімдерінің айтарлықтай қысқаруы байқалды. Ұлттық қордан түсетін түсімдер мен ақша қаражаттарының арасындағы теріс айырмашылық биыл қарқынды өсуде. Сондай-ақ, былтырғыдан айырмашылығы, биыл ҰБ валюталық активтері бойынша инвестициялық кірістің айтарлықтай төмендемек, бұл Трамптың жоғары тарифтері аясында бүкіл әлемдегі қор нарықтарының құбылмалылығымен байланысты. Осы себептерге байланысты елдің салыстырмалы түрде жоғары кредиттік рейтингінің негізгі факторы саналатын Ұлттық қордың валюталық активтерінің айтарлықтай төмендеуі мүмкін.
Қаржы министрлігінің 2025 жылдың сәуір айының соңындағы есебіне сәйкес, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43% төмендеген мұнай секторынан түсетін салықтардың төмендеуі Ұдттық қорға түсетін түсімдердің төмендеуіне әкелді. Сәуір айының қорытындысы бойынша түсімдер 855 млрд теңгені құрады, оның ішінде мұнай секторынан түсетін салық – 844 млрд теңге. Сонымен бірге, аталған салықтардың құрылымында корпоративтік табыс салығынан түсетін түсімдер 41%, экспорт салығы – 40%, өнімді бөлу үлесі – 15% төмендеді. Әсіресе, пайдалы қазбаларды өндіру салығы 89% төмендеді.
Ал қордан жұмсалатын ақша тұрақты жоғары деңгейде. Ол 2025 жылдың сәуір айының соңындағы жағдай бойынша қаражат алу 2 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен шамалас. Оның ішінде нысаналы трансферттер 400 млрд теңге, кепілдендірілген трансферт – 1,6 трлн теңге. Сәуірде трансферт көлемі 550 млрд теңгені құраса, наурызда бұл сома 450 млрд теңгені құрады. Осылайша, ҰҚ операциялары бойынша таза позиция -1,2 трлн теңге. Мұнай бағасының төмендеуін ескерсек, айырмашылық әлі де өсе түседі.
ҰБ мәліметінше, мамырда Ұлттық қордан түсетін трансферт көлемі сәуірдегідей жоғары деңгейде болады. Ұлттық қордан ай сайынғы трансферттердің қазіргі жоғары деңгейін ескере отырып, 2025 жылға арналған трансферттердің бекітілген көлемі 5,25 трлн теңге көлемінде күзге дейін толық игеріледі, былтыр да жаүдай солай болған, ҰҚ-дан бекітілген трансферттердің жалпы сомасы тамыз айына дейін пайдаланылып тасталған.
ҰҚ кірісінің одан әрі динамикасы ОПЕК+ елдерінің әлемдік мұнай өндіруді ұлғайту туралы шешіміне байланысты төмендеу қаупі жоғары болып отыр. Бұл шешім қазір бағаның барреліне 60 долларға дейін төмендеуіне әкелді. 2024 жылы мұнайдың орташа бағасы барреліне 81 доллар болған кезде Ұлттық қорға түсетін түсімдер (инвестициялық кірісті есептемегенде) квазимемлекеттік сектордағы акциялар мен облигацияларды сатып алуды есепке алмағанда, алынған ақшадан 1,8 трлн төмен болды. Осылайша, проциклдік фискалдық саясат пен мұнай бағасының қолайлы болуына байланысты 2024 жылы Ұлттық қор «жинақтау» режимінен «жұмсау» режиміне көшті. Бұл мұнайдың қазіргі төмен бағасын ескере отырып, ҰҚ активтеріне теріс әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты біз ҰҚ валюталық активтерінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын сақтау және фискалдық саясаттың болжамдылығын арттыру үшін контрциклдік фискалдық ережелерді сақтаудың маңыздылығын тағы да айтқымыз келеді.
Сондай-ақ Қаржы министрлігі жариялаған есептерде ұлттық холдингтердің облигацияларын сатып алу операциялары туралы ақпараттың болмауы алаңдатады, бұл бюджет саясатының ашықтығы мен есептілігін төмендетеді.