Қазақстандағы саяси партиялар 2025 жылы бюджеттен 15,2 млрд теңге алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Партияның жұмысына бөлінген қаражат сайлаушының әрбір дауысы үшін 0,65 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) есептелетін болады. Бұған дейін саяси партияларды қаржыландыру әрбір дауыс үшін ең төменгі жалақының 3%-нан есептелетін.

Орталық сайлау комиссиясы енді партияларды қаржыландыру инфляция деңгейінде ең төменгі жалақының өсуін ескере отырып өсетінін мәлімдеп отыр.

Жаңа есеп бойынша 2025 жылы АЕК 3 932 теңге, яғни партияға әр сайлаушыға 2 555,8 теңге бөлінеді деген сөз. Парламентте алты саяси партия бар және 2023 жылғы сайлау қорытындысы бойынша олар мыналар:

  • Аманат партиясы — 3 431 510 дауыс;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 693 938 дауыс;
  • Respublica партиясы — 547 154 дауыс;
  • Қазақстан халық партиясы — 432 920 дауыс;
  • Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы — 535 139 дауыс;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) — 331 058 дауыс.

Мәселен, Amanat партиясы – 8,7 млрд теңге, «Ауыл» – 1,7 млрд теңге, «Республика» – 1,3 млрд, «Ақ жол» партиясы – 1,1 млрд теңге, ЖСДП – 846 млн теңге. Жалпы сома 15 262 519 420,2 болады.