2026 жылдың I тоқсанында жаңа құрылыстардың нәтижесінде 15 мейрамхана пайдалануға берілді. Бұл — кемінде соңғы жеті жылдағы ең жоғары көрсеткіш. 2025 жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда көрсеткіш шамамен 50% өскен, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Пайдалануға берілген мейрамханалардағы жалпы орын саны 4,3 мыңға жетті — бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық көп және соңғы сегіз жылдағы I тоқсан рекорды. Айта кету керек, бұл статистикаға жаңадан салынған да, жаңғыртылған нысандар да кіреді. Сондықтан бір мейрамхананың орташа сыйымдылығын нақты есептеу мүмкін емес.
4,3 мың отырғызу орнының жалпы құны 9,5 млрд теңгені құрады — орта есеппен бір орынға 2,2 млн теңгеден келеді. Ең қымбат орын Шығыс Қазақстан облысында (бір орынға орташа 8 млн теңге) және Түркістан облысында (7,9 млн теңге) тіркелген.
Өңірлер арасында орын саны бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр (1,2 мың орын). Одан кейін Алматы облысы (1,1 мың) және Атырау облысы (0,7 мың). Республикалық маңызы бар қалалардың ішінде тек Шымкентте 0,4 мың жаңа орындық мейрамхана салынған.
Сонымен қатар, кафе сегментінде де өсім байқалады. I тоқсанда жаңадан салынған 21 кафе пайдалануға берілді. Ондағы орын саны 2,5 мың (+51%), бұл соңғы 10 жылдағы I тоқсан рекорды жаңарды.