Биыл Қазақстанға мандарин импорты рекордқа жетті. 2025 жылдың 10 айында, Статистика бюросының соңғы қолжетімді деректері бойынша, танжериндер мен сатсума деп аталатын түрлерін қоса алғанда 75,6 мың тонна мандарин импорттаған. 

Қазіргі деңгейі 2024 жылдың осы айларымен салыстырғанда 21% жоғары, сонымен қатар кем дегенде соңғы он жылдағы ең жоғары деңгей болып отыр. Шыны керек, қазіргі классификация тек 2017 жылдан бері қолданылады, алайда 2015-2016 жылдары да барлық ұқсас цитрус жемістерінің көлемі (әртүрлі гибридтерді қоса алғанда) бұдан төмен болған.

Ал ақшалай мәнде көлемі жылдан жылға түсіп кеткен: 38 млн доллардан 37 млн долларға дейін. Соған сәйкес, бір тоннасының орташа долларлық құны да төмендеген, бірден 20%. Дегенмен, бұл жағдай бөлшек саудадағы бағаға қаншалықты әсер еткенін ресми деректер бойынша бағалау мүмкін емес.