Орталық Азияның ең ірі девелоперлік компаниясы BI Group, әлемдегі жылжымайтын мүлік нарығында ең жылдам дамып келе жатқан Біріккен Араб Әмірліктері – Дубай қаласына шығатынын хабарлайды. 2024 жылы Дубайдағы тұрғын үй нарығының көлемі 115 млрд АҚШ долларына жетеді. Ал 2028 жылға қарай нарық 170 млрд АҚШ долларына дейін өседі деп күтілуде, бұл жаңа қатысушылар үшін жоғары бәсекелі ортада үлкен мүмкіндіктер ашады.
Жоғары инвестициялық тартымдылық, жылжымайтын мүлік секторындағы жылдам өсу және әлемдік ойыншылар тарапынан үлкен қызығушылық BI Group үшін ерекше мүмкіндіктерді қалыптастырады. BI Group компаниясының тәжірибесі, жаңашылдары мен шешімдері тек сәтті бәсекелесуге ғана емес, сонымен бірге осы аймаққа қазақстандық технологиялар, жобаларды жүзеге асыру жылдамдығы және инновациялық мәдениетті әкелуге мүмкіндік береді.
BI Group: амбициялар мен стратегиялық мақсаттар
BI Group компаниясының жоспарлары Дубаймен шектелмейді. BI Group Абу-Даби мен араб елдерінің жылжымайтын мүлік нарығын белсенді зерттеп жатыр. БАӘ нарығына шығу – компанияның жаһандық қатысуын нығайту және Қазақстанды халықаралық жылжымайтын мүлік нарығында маңызды ойыншы ретінде позициялау стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады. BI Group компаниясының мақсаты:
- Әлемдік нарықта Emaar, Vinci және Bechtel сияқты алыптармен қатар тұру.
- 2030 жылға дейін халықаралық жобалардан түскен табыстан 50%-ды алуға қол жеткізу.
- Қазақстандық цифрландыру тәжірибесін және IT-шешімдерді экспорттау.
Компания туралы ақпарат: BI Group – 30 жылдық тәжірибесі бар Қазақстанның ең ірі девелоперлік компаниясы, әлемнің 8 елінде инновациялық жобаларды жүзеге асырады, оның ішінде АҚШ пен БАӘ бар. Компания AIX және KASE қор нарықтарында тіркелген. Жыл сайын «Үлкен төрттік» KPMG аудиторлық тексеруінен өтеді. ENR Top 250 Global Contractors рейтингінде әлемдегі жетекші құрылыс компаниялары арасында 173-орында тұрған Қазақстанның жалғыз құрылыс компаниясы.
30 жыл ішінде Холдинг 8,5 млн шаршы метрден астам тұрғын үй мен инфрақұрылым салды. Компания 12 инновациялық мектеп салды және оларды басқарады, 3000 км-ден астам жол қолданылуға берілді. BI Group үйлерінде 500 мыңнан астам адам тұрады.
Компания әлеуметтік жауапты бизнестің үлгісін көрсетеді. Әр ай сайын BI Group қызметкерлері, акционерлері және топ-менеджменті өздерінің жалақыларының бір бөлігін «Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қорына, ерекше балаларға көмек көрсету үшін аударады. Акционерлер мен серіктестердің қолдауымен BI Group «Аналар үйі» жобасын дамытып жатыр, ол жалғыз басты аналарды қолдауға арналған, сондай-ақ iQanat жобасы арқылы ауыл жастарына халықаралық деңгейде білім алу мүмкіндіктерін ұсынады.