2025 жылғы IІI тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2024 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 10,0% өсіп, 429 368 теңгені құрады.

Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың IIІ тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Жетісу облысында – 18,1%, Алматы қаласында – 15,9%, Астана қаласында — 13%-ды құрады.


Ең аз өсім Маңғыстау — 6,3%, Батыс Қазақстан — 7%, Ұлытауда — 7,5%.

Ал жалғыз Атырау облысында орташа жалақы өткен жылдың үшінші тоқсанымен салыстыранда тіпті -4,5% төмендеп кеткен.

2024 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда биылғы тоғыз айда инфляцияны ескергендегі нақты жалақы 9 өңірде ғана өскен, қалған 11 өңірде азайып кеткен.