2025 жылғы қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 259 мәміле тіркелді.
2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда (41 313) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,1% азайды. Өңірлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қостанай облысында (+15,8%), Шымкент қаласында (+7,7%) және Алматы облысында (+7,4%) байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Қызылорда облысында (-28,4%), Алматы қаласында (-11,2%) және Ақтөбе облысында (-5,2%) болды.
Былтырғы тиісті айымен салыстырғанда мәміле саны 5,4% өскен (2024 ж. қазан - 39 143). Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Астана қаласында (27,9%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-38%).
2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 3,5% өскен.
Өңірлер ішінде былтырғы он аймен салыстырғанда биылғы қаңтар-қазанда Астана (21,6%), Шымкент (11,3%), Жамбыл (9,9%) облыстарында айтарлықтай өссе, Түркістан (13,4%), Ақтөбе (13%), Солтүстік Қазақстан (12,3%), Батыс Қазақстан (11,9%), Атырау (11,3%), Ұлытау (6%), Маңғыстау (5,5%) облыстарында азайып кеткен.

Бір айдың ішінде (2025 жылғы қазан 2025 жылғы қыркүйекке) жаңа тұрғын үйді сату – 1%, пәтерлерді қайта сату бағасы 0,9% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,2% қымбаттады.