Бас прокуратура «Самұрық-Қазына» Қорының Директорлар кеңесі (ДК) құрамындағы SKAI жасанды интеллектісіне (ЖИ) қатысты QAMS-тан түскен сауалды Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне жолдады. Бұл туралы QAMS қауымдастығы хабарлады. 

QAMS Бас прокуратурадан төмендегі мәселелерді түсіндіруді сұраған еді: Қазақстан заңнамасына сәйкес жасанды интеллект (ЖИ) жеке тұлға сияқты құқық субъектілігіне ие бола ала ма? Яғни ЖИ құқықтар мен міндеттерге ие бола ма? ЖИ-ды мұндай құқық субъектілігімен қайта қамтамасыз ету заңға емес, тек Үкімет қаулысына сүйене отырып мүмкін бе? ЖИ қатысқан жағдайда Самұрық-Қазына директорлар кеңесінің (ДК) қабылдаған шешімдері заңды күшін жоюға немесе жарамсыз деп танылуға негіз бола ма?

Бірақ Бас прокуратура бұл сұрақтар Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құзыретінде деп жауап берген.

Айта кетсек, QAMS қауымдастығы Бас прокуратураға Самұрық-Қазына директорлар кеңесіне ЖИ енгізу шешімінің құқықтық салдарына қатысты ресми түсіндірме беруді сұраған еді

«Самұрық-Қазына» қоры 2 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) нейрожелісін – Директорлар кеңесінің цифрлық тәуелсіз мүшесін таныстырдыSKAI  жасанды интеллект негізінде әзірленген және өңір бойынша Директорлар кеңесінің дауыс беру құқығы бар алғашқы цифрлық тәуелсіз мүшесі.