Қазақстан банктерінің 2026 жылғы қаңтардағы жиынтық таза пайдасы 13% төмендеп, 198,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі есебінде айтылған.

Бұл соңғы 5 жылдағы жыл басындағы алғашқы төмендеу. 2020 жылғы қаңтарда банктердің таза пайдасы 32% азайған.

Таза пайданың азаюына бірден бір себеп — корпоративтік табыс салығы төлемдерінің көбеюі, ол 8,2% өсіп, 44 млрд теңге болды.

Сонымен қатар қаңтарда банк активтері бір айда 0,9% азайып, 70,13 трлн теңгеге жетті. Бұған корреспонденттік шоттардағы қаражаттың, репо операцияларының және басқа қаржы активтерінің қысқаруы әсер еткен.

Міндеттемелер 1% төмендеп, 59,4 трлн теңгені құрады (клиент қаражаты мен сыртқы қарыздардың азаюына байланысты).

Ал банктердің жиынтық капиталы керісінше 1,7% өсіп, 10,8 трлн теңгеге жетті. Негізгі себеп – резервтік капиталдың ұлғаюы.