Проблемалық несиелерді коллекторларға сатуға тыйым тағы бір жылға ұзартылмақ. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді. Оның айтуынша, коллекторлық компаниялар проблемалық қарыз алушылармен тиімді жұмыс істемейді. Ал дәл осы тетік банктер мен микроқаржы ұйымдарында жақсы нәтиже көрсеткен – соның арқасында проблемалық қарыз алушылардың саны екі есе азайған.
Сондай-ақ ол төлем қабілеттілігін бағалау талаптарының күшеюін, жеке тұлғалардың банкроттық жүйесінің жетілдірілуін және жаңа «Банктер туралы» заңдағы қосымша талаптарды атап өтті.
«Біз банктерге өз құрылымында азаматтардың өтініштерін қарастырып, берешекті қайта құрылымдаумен айналысатын арнайы бөлімшелер құру міндетін жүктейміз», — деді Әбілқасымова.
Айта кетсек, 2025 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша халықтың несиелері бойынша проблемалық берешектің үлесі 4,5% немесе 1 079 млрд теңге болды (01.01.2025 ж. – 3,8% немесе 790 млрд теңге). 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (NPL90+) деңгейі өткен ай деңгейінде сақталды.