2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен өтімді активтердің 2,4%-ға немесе 488,0 млрд теңгеге өсуі есебінен ағымдағы жылғы наурызда 1,8%-ға немесе 961 млрд теңгеге ұлғая отырып (2024 жылдың басынан бері 2,9%-ға немесе 1,5 трлн теңгеге өсу), 52,9 трлн теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 15,8 трлн теңгені немесе активтердің 29,8%-ын құрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банктердің меншікті капиталы ағымдағы жылғы наурызда 2,5%-ға 7,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 9,5%-ға немесе 651,3 млрд теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,4%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,4%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

Банк секторының міндеттемелері 2024 жылғы наурызда заңды тұлғалар салымдарының 3,0%-ға 15,5 трлн теңгеге дейін өсуі (міндеттемелердің құрылымындағы үлес 34,1%) нәтижесінде 1,7%-ға 45,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 1,9%-ға немесе 832,3 млрд теңгеге өсу).

2024 жылғы қаңтар-наурызда банктердің таза пайдасы 570 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 

1 сәуірдегі жағдай бойынша 4,6%-ды (2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша – 3,9%), капитал рентабельділігі (ROE) 34,8%-ды (2023 жылғы 

1 сәуірдегі жағдай бойынша – 32,3%) құрады.