Банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 1,1% өсуі есебінен 43,0 трлн теңгеге дейін, биылғы қаңтарда 0,9% азайып, 70,1 трлн теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 20,7 трлн теңгені немесе активтердің 29,5%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы қаңтарда заңды тұлғалардың салымдарын 5,9% төмендету есебінен 1,4%, 59,3 трлн теңгеге дейін төмендеді. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында негізгі үлесті – 79,6% немесе 47,2 трлн теңгені клиенттердің салымдары алады.
Банктердің меншікті капиталы 2026 жылғы қаңтарда 1,7%, 10,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,0%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,7%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2026 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы 199 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтарға қарағанда 13,1% аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4,1%-ды (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 4,2%), капиталдың рентабельділігі (ROE) 27,7%-ды (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 28,4%) құрады.