2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 42,4 трлн теңгеге дейін 0,8% өсуі есебінен 2025 жылғы қарашада 0,8% ұлғайып, 68,3 трлн теңге болды (2025 жылдың басынан 11,0% өсім.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,8 трлн теңгені немесе активтердің 29,0%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы қарашада негізінен РЕПО операцияларының 17,2% өсуі нәтижесінде 0,1%, 57,9 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 10% өсім) ұлғайды.

Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы қарашада негізінен 2025 жылы бөлінбеген таза пайдасының өсуі нәтижесінде 4,6%, 10,4 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 17,2% өсім) ұлғайды. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,5%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 20,7%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2025 жылғы қаңтар-қарашада банктердің таза пайдасы 2,5 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,2% артық. Банк активтерінің рентабельділігі (RОА) 2025 жылғы  1 желтоқсандағы жағдай бойынша 4,2%-ды (01.11.2025ж. – 4,3%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 28,8%-ды (01.11.2025ж. – 29,3%) құрады.