Ұлттық банк Банкаралық мобильді төлем жүйесінің жұмыс істеу ережелерін әзірледі. Оның көмегімен жеке тұлғалар ақшаны кез келген банкке алушының телефон нөмірі арқылы аудара алады.

Сондай-ақ, банктер төлемдер үшін бірыңғай банкаралық QR-кодты пайдалануға міндеттеледі, бұл кәсіпкерлер үшін бірнеше POS-терминал орнату қажеттілігін жояды.

Реттеуші Ережелердің толық жобасын әлі жариялаған жоқ.

Қазақстандық банктердің бірыңғай QR-код арқылы төлем жүйесіне қосылуына жарты жылдан аз уақыт қалды. Бастапқыда бұл жүйе 2022 жылдың соңына дейін іске қосылады деп жоспарланған болатын.

Айта кетсек, банктер кәсіпкерлерді банктаралық мобильді төлем жүйесін қолдану арқылы төлем қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндеттелді. Тиісті норма 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 259-VІIІ Заңмен «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның 25-бабына енгізілді. Өзгерістер 2026 жылдың екінші жартысында күшіне енеді.