Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылдың қаңтарында Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды таза сатып алу (сатудан алғандағы айырма) бір айда екі еседен астам азайып, 150,3 млрд теңгені құрады. Теңгенің айтарлықтай нығаюына қарамастан, халық шетелдік валютаны сатып алуға асықпаған.
Таза сатып алу көлемінің төмендеуі елдің барлық үш ірі мегаполисінде байқалды. Мәселен, Астанада бұл көрсеткіш 45,1% немесе 15,8 млрд теңгеге (35,1-ден 19,3 млрд-қа дейін) азайса, Шымкентте 50,9% немесе 16,1 млрд теңгеге төмендеп, 15,6 млрд теңгені құрады.
Ал дәстүрлі түрде доллар ең көп сатып алынатын қала — Алматыда көрсеткіш күрт құлдырады. Мұнда сұраныс үш есе, яғни 98,8 млрд теңгеге азайып, 58,7 млрд теңгеге дейін төмендеген.
Айта кетсек, Freedom Broker қазір доллар сатып алатын уақыт екенін айтып, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы қазіргі бағамы 2026 жылы тиімді бағаммен сатып алуға қолайлы сәтті күткендер үшін ең жақсы мүмкіндіктердің бірі болып отырғанын мәлімдеген еді.