Әуе компанияларының жолаушылары көбейгенімен, табысы азайды

2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында әуе тасымалы 6,1 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы осы уақыттағыдан 90,3% артық, ал алдыңғы жылғы, коронодағдарысқа дейінгі 2019 жылғы тоғыз айдан 8% артық. Осылайша, елдегі әуе тасымалы көрсеткіші тарихи рекордқа жетіп отыр. Жолаушылар айналымы былтырғыдан 92,4% өсіп, 9,5 млрд жолаушы-шақырымға жетті. Ал 2019 жылғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16% азайды. Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында әуе тасымалымен 22,5 мың тонна жүк тасымалданды. Бұл былтырғы осы уақыттағыдан 73,1% артық. Жүк айналымы жыл басынан бері 50,2 млн тонна-шақырымды құрады. Былтырғы 9 айдағыдан 46,4% артық. Әуе клмпанияларының табысы 229,9 млрд теңге болды. Былтырғы 9 айда көрсетткіш 119,4 млрд теңге болған еді. Ал 2019 жылғы осы уақытта 258,2 млрд теңге еді. Табыстың 94,7%-ы, яғни 217,7 млрд теңге жолаушылар тасымалынан болса, қалған 5,3% немесе 12,2 млрд теңге жүк тасымалына тиесілі. 2021 жылдың тамыз айымен салыстырғанда жолаушылар тасымалының құны қыркүйекте 9,5% арзандады. Алайда былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 8,7% өсті. Жүк тасымалы құны 28,2% қымбаттады. Соның ішінде халықаралық тасымал бағасы 39%, республика бойынша 3,8% өсті.