ҚазМұнайГаз Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін жекешелендіру мәселесіне қатысты түсініктеме берді.
«Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарының үлесін жекешелендіру – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсынысы. Бұл ұсыныс квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету есебінен мұнай өңдеу саласында және мұнай өнімдері нарығында бәсекелестікті дамытуға бағытталған. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мұндай шешімдердің дайындық жұмыстары, атап айтқанда корпоративтік шешім қабылдау, техникалық және экономикалық аспектілер көп уақытты қажет ететінін ескере отырып, бұл мәселені зерттеп жатыр. Мұндай процестер әдетте бірнеше жылға созылады», — деп жазады ұлттық компания.
ҚМГ осыған байланысты алыс және жақын шет елдердің түрлі компаниялары, соның ішінде «Татнефть» ЖАҚ қарастырылып отыр.
Қазірдің өзінде «Татнефть» ЖАҚ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің өндірістік қызметімен тікелей байланысты жаңа мұнай химиясы жобаларына, атап айтқанда терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат (ТФК және ПЭТФ) өндірісіне инвестиция құюға қызығушылық танытып отыр.
Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарындағы 50% акциясын жеке компанияларға өткізуі мүмкін екені айтылған. Бұл шешім 461 кәсіпорынды қамтитын жекешелендірудің жаңа толқыны аясында қабылданған.
БҚДА төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мұнай өңдеу зауыттарының бір бөлігін жекешелендіру олардың жұмысының жақсаруына әкелетінін атап өтті. Мысал ретінде ол 50 пайызы жеке инвесторға тиесілі Шымкент мұнай өңдеу зауытын келтірді.
Жекешелендіру бағдарламасы 2028 жылға дейін жалғасады.
АМӨЗ-дың 99,17% акциясы ҚМГ-ға тиесілі. Ал ПМӨЗ-дің 100% акциясв ҚМГ-нікі.