Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық Кеңсенің жекешелендіруге жататын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін қалыптастырды. Жүргізілген талдау және экономикалық тиімділікті есептеу негізінде бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын 461 субъект таңдалды, деп хабарлайды БҚДА.
«Кәсіпорындардың қалыптасқан пулы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңеске жіберіледі, содан кейін жекешелендірудің Кешенді жоспарына енгізіледі. Бұл жұмыстың аяқталуы 2028 жылдың соңына дейін жекешелендіру барысының мониторингі болады», – деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Марат Омаров.
Сондай-ақ, 7 футбол клубын жекешелендіру ұсынылып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтайда да айтқан.
Naryk.kz редакциясының нақты қай клубтар сатылатыны туралы сауалына берген жауабында агенттік мыналарды атады: «Астана» ФК, «Атырау» ФК, «Ордабасы» ФК, «Тұран» ФК, «Шахтер» КММ, «Каспий» ФК және «Шахтер» АҚ.