Астана экономикасында шағын және орта бизнес үлесі 73%

Астана экономикасында шағын және орта бизнес үлесі 73%

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында Астана мен Алматының және Ұлытау, Қарағанды облыстарының дамуы талқыланды.

Астанада инвестициялық жобалар саны мен халық өсімінің қарқыны бойынша өңірлер арасында бірінші орында. Қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 73%. Бұл орташа республикалық деңгейден екі есе жоғары.

Бүгінде Астана пулы 18,3 мың жұмыс орнын құратын жалпы құны 2,5 трлн теңге 130 инвестициялық жобаны қамтиды. 2025 жылы 300 млрд теңгеден астам инвестиция тарта отырып, кемінде 50 жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар бірқатар ірі жобаларды іске асыру басталды. Атап айтқанда: 

  • Kazak Protein зауыты (170 млрд теңге) – бидайды тереңдете өңдеу;
  • ТОКК Қазақстан (55 млрд теңге) – жеңіл металдан жасалған қаптама өндірісі;
  • LASSELSBERGER (23,6 млрд теңге) – құрылыс қоспасы мен бояу өндірісі;
  • Электровоз құрастыру зауыты (15 млрд теңге) – электровоздарға арналған сервистік орталық.