Ұлттық банк дерегінше, 2025 жылғы 1 қыркүйекте қазақстандықтардың банктегі шоттарындағы қаражат көлемі 3,41 трлн теңгені құрады. Бұл тамыз айымен салыстырғанда –2% төмен.

Бір адамға шаққандағы үлес

Елдегі онлайн-банкинг қызметін пайдаланушылар саны 27 млн адамға жеткен. Осы көрсеткішке сүйенсек, бір клиенттің шотында орташа есеппен 126,3 мың теңге сақталған. Айта кетейік, тамызда бұл сома 129 мың теңге болған.

Сарапшылар мұндай есептеу статистикалық қана тәсіл екенін айтады. Себебі халықтың ақшалай жинағы біркелкі бөлінбеген: бір бөлігі айтарлықтай көп қаржы ұстаса, басым бөлігі тек күнделікті төлемдерге жететін аз қаражатпен шектеледі.