Бұл аптада қор биржасы кеміп қалды. Әсіресе Қазақтелеком мен Air Astana құны айтарлықтай азайды. ҚазТрансОйлдың әжептеуір қымбаттауы мен Halyk Bank пен ҚазМұнайГаздың өсімі KASE-ні құтқара алмады. Өткен апта жақсы өскен ҚазАтомӨнеркәсіп осы апта минуста.

Ал халықаралық нарықта сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, алтын бір апта бұрынғы бағасына қайтып келсе, күміс өсе түскен, мұнай бірнеше апталық 65-70 доллар дәлізінен шығып, 71 доллардан асты.