Нарық апта қорытындысын ұсынады. Апта ішінде Қазақстан қор биржасында позитивті динамика басым болды. KASE индексі 1,7% өсіп, 6 831,39 пунктке дейін көтерілді. Нарықтағы қозғалыстың негізгі драйверлері – ірі банктер мен қаржы секторындағы акциялар.

Банктер айқын алға шықты. Ең үлкен өсімді ForteBank көрсетіп, бір аптада +14,31% болды. Одан кейін Halyk Bank акциялары +5,99%, Kaspi.kz +4,11% қымбаттады. Ал Freedom Holding Corp. аптаны минуспен жауып, –1,40% төмендеді. Дегенмен сектор жалпы есепте оң динамика сақтап тұр.

Ұлттық компаниялар да аптаны негізінен өсіммен аяқтады. Қазатомөнеркәсіп +1,71%, Қазтрансойл +0,84%, Кcell +1,37%, Қазақтелеком +3,38% оң нәтиже көрсетті. Тек ҚазМұнайГаз –2,27% төмендеді. 

Халықаралық нарықта да көңіл-күй жақсы. Алтын +2,56%, күміс +7,83%, мұнай +1,47% көтерілді. Қымбат металдардағы күрт өсім инвесторлардың қорғаныс активтеріне сұранысы артқанын көрсетеді, ал мұнай бағасының біршама тұрақтануы сыртқы нарықтың жалпы оптимистік фонын қолдап тұр.