15 қазан күні алтын фьючерстерінің бағасы тарихи межеге жақындап, 4 223,36 долларды құрады. Тәуліктік өсім — 1,44% (+59,96). Соңғы аптада баға 3,6% көтерілсе, бір айда 13,4%, ал соңғы алты айда 30% өсім көрсетіп отыр.
Соңғы бір жылда алтын фьючерстерінің өсімі 58%-дан асты — бұл соңғы бірнеше жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Айта кетсек, 8 қазан күн алтынның фьючерстік бағасы унциясына 4 034,75 долларды құрады. Астана уақытымен 7 қазан күні сағат 09:45-те алтын бағасы 3997 долларға дейін барып, қазір 14:00 шамасында қайтадан 3974 долларға аздап төмендеген еді.