Air Astana бір акцияға 53,7 теңгеден дивиденд төлемек

Air Astana бір акцияға 53,7 теңгеден дивиденд төлемек

Air Astana бір акцияға 53,7 теңге, жалпы сомасы 19,1 млрд немесе 2024 жылғы таза пайданың 74,84%-ын дивиденд ретінде төлеуді жоспарлап отыр. Бұл мәселе 29 мамырда өтетін акционерлердің жиналысында қаралады, деп хабарлайды Қазақстан Миноритарлық акционерлер қауымдастығы.

Шешім қабылданса, бұл авиакомпания тарихындағы алғашқы дивиденд төлемі болады. Наурызда компания директорлар кеңесі бір акцияға 17,7 теңге (барлығы 6,3 млрд теңге) және бір акцияға 36 теңге (12,8 млрд теңге) жалпы сомасы 19,1 млрд теңге арнайы дивидендтер төлеуді ұсынды.

Компанияның Лондондағы листингіндегі құнды қағаз қаңтар айынан бері 2,3% және бір жыл ішінде 29% төмендеді. Ал IPO-ға шыққалы бері 36% құлдырады.