Air Astana (AIRA) директорлар кеңесі бір акцияға 53,7 теңге дивиденд өлеуді ұсынады.

«Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының қарауына 2024 жылға бір акцияға 17,7 теңге мөлшерінде дивидендтерді, сондай-ақ бір акцияға 36 теңге мөлшерінде қосымша арнайы дивидендтерді төлеу туралы ұсынысты енгізеді. Төлемдердің жалпы сомасы бір акцияға 53,7 теңгені құрауы мүмкін, яғни дивиденд кірісі 7,2%.

  • Бір акцияға тұрақты дивиденд  – 17,7 теңге.
  • Арнайы дивиденд – 36 теңге.
  • Төлемнің жалпы сомасы – бір акция үшін 53,7 теңге (~7,2% кіріс).
  • Бекіту күні – акционерлердің жалпы жиналысы шешім қабылдағаннан кейін.

Компания бұрын арнайы дивиденд төлемеген, бірақ 2024 жылы компания кірісі мен табысы өскен.

Естеріңізге сала кетейік, Air Astana 2024 жылдың ақпанында 1073,83 теңгемен IPO-ға шыққан. Содан кейін акция тұрақты құлдырап, бүгін 774 теңге шамасында саудалануда.