OLX Қазақстанның талдау қызметінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың күзінде әйелдердің күзгі киімдері ішінде үш тауар тобы айқын көш бастап тұр, олар: күрте, пальто және тренч. Осы үш санат күзгі киімге қатысты барлық сұраныстың 70%-ға жуығын құрайды.
Әйелдерге арналған күртелер ең жоғары қызығушылыққа ие: қайталама нарықта шамамен 1,9 мың жаңа хабарландыру және 5,6 мыңнан астам сатып алу тіркелген. Жаңа күртенің орташа бағасы – шамамен 31,2 мың теңге, ал қолданылғандары – 16,9-21,9 мың теңге аралығында.
Жаңа әйелдер пальтосының орташа бағасы 37,6-48,7 мың теңге шамасында, second-hand сегментінде – 16,6-21,5 мың теңге аралығында.
Ерлер арасында сұраныс базалық және премиум санаттар арасында бөлінген: баға 19,9 мың теңгеден (қолданылған) 57,3 мың теңгеге дейін (жаңа) өзгереді.
Тренч – соңғы маусымдардың басты тренді. Әйелдер тренчтері жаңа сегментте 17,5 мың теңгеден басталады, ал қайталама нарықта 12,8-13,2 мың теңге аралығында.
Сонымен қатар жилеттерге (жеңсіз күрте) деген қызығушылық та артқан: әйелдер санатында жаңа модельдердің 270-тен астамы орта есеппен 9,9-15,0 мың теңгеге сатылған, ал қайталама нарықта – 388 сатып алу орташа 21,4 мың теңгемен тіркелген.
Ерлер үшін де жилет классикалық күртелерге балама ретінде танымал бола бастауда.
Маусымаралық киімдердің орташа құны жоғары деңгейде қалып отыр, бірақ баға динамикасы категориялар бойынша әртүрлі:
• әйелдер пальтосы бір жыл ішінде 30%;
• ерлер күртелері – 15% қымбаттаған;
• тренчтер – ұсыныстың көптігі арқасында тұрақтылықты сақтап тұр.
Сонымен бірге, қайталама нарықта баға баяу өсуде: мысалы, ерлер күртелері тек 2-3% қымбаттаған. Бұл second-hand сегментін тұтынушылар үшін тартымды етеді, әсіресе үй шаруашылықтарының шығындары артып жатқан жағдайда өзекті.
Компаниялар үшін бұл ассортиментті қайта қарау қажеттілігін білдіреді: назар базалық категорияларға (күртел, пальто, тренч) және қолжетімді баға сегментіне аударылуы тиіс. Ал сатып алушылар үшін – әр зат өзара үйлесетін, функционалды «капсулалық гардероб» қағидатын ұстануға мүмкіндік.
2025 жылдың күзіндегі басты тренд – саналы үнем. Қазақстандықтар стиль, қолайлылық және баға арасындағы тепе-теңдікті іздеуде. Жаңа мен second-hand заттарды үйлестіре алатындар, классикалық үлгілерге инвестиция салып, оларды аксессуарлармен толықтыра білетіндер ұтады.