Халыққа берілген несие 2026 жылғы сәуірде 0,9%, 25,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,1% өсім), оның ішінде тұтынушылық қарыздар 0,8%, 17,0 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 2,0% өсім), ипотекалық қарыздар – 1,9%, 7,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 3,7% өсім).
2026 жылғы сәуірде бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген несие бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі ірі бизнеске несие бойынша мөлшерлеменің 20,1%-дан 19,5%-ға дейін төмендеуі есебінен бір айда 0,4 п.т. 22,0%-ға дейін төмендеді. Халыққа берілген несие бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 22,1%-дан 23,0%-ға өсуі нәтижесінде 21,2%-ға дейін (2026 жылғы наурызда – 20,9%) ұлғайды.
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторы бойынша төлем мерзімі 90 күннен астам берешегі (NPL90+) бар қарыздар деңгейі несие портфелінің 4,1%-ын немесе 1,8 трлн теңгені құрады. Халыққа берілген кредиттер портфеліндегі мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 4,8%-ды немесе 1,2 трлн теңгені құрады. Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфелінде NPL90+ қарыздарының деңгейі 3,3%-ды немесе 594 млрд теңгені құрады.
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу жоғары деңгейде сақталуда және 62,1%-ды (01.04.2026ж. – 61,9%) құрайды.